• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Тамыз, 2021

Тарихи құжат қабылданды

337 рет
көрсетілді

Президент Джо Байден сей­сенбіде құны 1,2 триллион доллар тұратын тарихи құжатты қабылдау кезінде Сенаттың қолдауына ие болды. Бұл Байденнің заңнамалық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерін орындауға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, Байден ел тізгінін қолына ұстағалы бері алғаш рет екі партияның да қызу қолдауына ие болып отыр.

«Инфрақұрылым апталығы» жобасын жылдар бойы жүргізгеннен кейін инфрақұрылым онжылдығының қарсаңында тұрмыз. Бұл құжат шынымен Американы өзгертетініне сенемін», деді Байден жиыннан кейін Ақ үйде сөйлеген сөзінде.

Президент заң жобасын қабылдауда бірлесе жұмыс істегені үшін сенаторларға алғыс айтты.

«Білемін, бұл заң жобасын қолдау республи­кашыларға оңай болған жоқ. Нағыз батылдық көрсеттіңіздер. Мен сіздерге жеке алғыс айтқым келеді, сондықтан көпшілігіңізге телефон шалдым. Бүгін демократияның әлі де жұмыс істей алатынын дәлелдедік», деді ол.

«Инфрақұрылымдық инвестициялар мен жұмыс туралы заң» деп аталатын құжатта бес жыл ішінде 550 миллиард доллар жаңа федералдық шығын жұмсау қарастырылған. Онда автомобиль жолдарына, көпірлер мен ірі жобаларға – 110 миллиард доллар, жолаушылар мен жүк темір жолына – 66 миллиард доллар, электр желісін қалпына келтіруге – 65 миллиард доллар, кең жолақты интернетке қосылуды кеңейтуге – 65 миллиард доллар, транзиттік жүйелерді жаңғыртуға және кеңейтуге – 39 миллиард доллар, электрмобильдерді зарядтау инфрақұрылымының ұлттық желісіне 7,5 миллиард доллар инвестиция салу көзделген.