• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Тамыз, 2021

Испанияда аптап ыстық болады

179 рет
көрсетілді

 Испанияның ұлт­тық ауа райы агенттігі Аемет­тің хабарлауынша, елдегі алты аймақтағы он провинцияда аптап ыстық болуы мүмкін. Осыған байланысты агенттік жоғары температурадан сақтану қажеттігін ескертті.

Aemet өкілі Рубен дель Кампо сәрсенбіде басталатын жоғары температура қалыпты емес екенін жеткізген. Оның сөзіне сүйенсек, аптап ыстық нағыз қызған шағына енді шықпақ.

«Елде тіркелген температура рекорды жаңарты­латынын жоққа шығара алмаймыз», дейді ол. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бейсенбіден бастап ауа температурасы елдің оңтүстік жартысында, атап айтқанда, Гвадалквивир алқабында 44 градустан 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Аптап ыстық Кантабрияның солтүстігі мен Галисияның бір бөлігін қоспағанда, бүкіл Испа­нияға әсер етеді. Жұма мен сенбі ең ыстық күндер болуы мүмкін. Термометр көрсеткіші Пиреней түбегінің оңтүстігінде, шығысында және орта­лығында және Балеар аралдарында 40 градусқа дейін көтеріледі.

Сонымен қатар Андалусияның оңтүстік айма­ғында ең жоғары температура 44 градустан асады деп күтіледі. Түн де ыстық болмақ. Жексенбіде аптап ыстық төмендейді, ал дүйсенбіде ауа температурасы қалыпқа келеді деп күтіліп отыр.