• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2014

Жаңа көліктің жөні бөлек

485 рет
көрсетілді

Қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді және кәсіби тұрғыдан үздік, техникалық жағынан деңгейі жоғары жедел медициналық жәр­дем қызметтерін ұсыну жұмы­сы облыста жақсы жолға қойылған. Өткен жылы облыста бұл қызмет түрінің 5 бөлімшесі ашылды. Атап айтсақ, олар – Тараз қаласының «Бәйтерек» шағын ауданында және Мойынқұм, Байзақ, Жамбыл және Қордай  аудандарында іске кірісті. Медициналық қызметтің бұл түріне халықтың да сенімі ны­ғайып, тұрғындардың арыз-шағымдары да азая түскен.

Жақында  қалалық жедел жә­не шұ­ғыл медициналық көмек бекетіне жаңа 6 реанимобиль мен 2 желілік көлік берілді. Ал аудандарға осындай 2 жедел жәрдем жөнелтілді. Облыс бойынша жалпы 93 санитарлық көлік бар. Олардың барлығы алғашқы көмек көрсетуге қажетті медициналық құрылғылармен, радиодыбыстармен толық жабдықталған.

– Науқастарға қарай кез  кел­ген уақытта құстай ұшуға са­қадай-сай тұратын көліктердің жөні бөлек. Ал жаңа көлік ха­лыққа медициналық қызмет көрсету сапасының жақсаруына қашанда оң ықпал етеді. Біз бағ­дарлама бойынша жиырмадан астам реанимобиль алуға тиіспіз. Сондықтан, енді 14 жедел жәрдем көлігін күтіп отырмыз, – дейді  қалалық жедел жәрдем қызметі бекетінің бас дәрігері Венера Балқыбекова.

Медициналық көмектің жо­ғары стандарттарына сәйкес және тұрғындардың сұранысын қамтамасыз ететін, ауруханаға дейінгі көмек көрсетудің тиім­ді жүйесін құруды мақсат тұт­қан облыстық денсаулық сақ­тау басқармасы «Саламатты Қазақ­стан» бағдарламасы аясында меди­цина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен, сондай-ақ, көліктермен қамтамасыз етуді алдағы уақыттарда да осылай жағымды жаңалықтармен жалғас­тыра беретін болады.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

ТАРАЗ.

Соңғы жаңалықтар