• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2014

Автоқұмарлар қоғамы құрылды

361 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде автоқұмарлар қоғамы құрылды. Бұл қоғам Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасын болдырмауға, жол қозғалысы ережесі туралы білімді жетілдіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған.

Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде автоқұмарлар қоғамы құрылды. Бұл қоғам Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасын болдырмауға, жол қозғалысы ережесі туралы білімді жетілдіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған.

Талдықорған гарнизонындағы Әскери-әуе күштері Оқу орталығында әскери техникада және жеке көлікте жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөнінде конференция өтті. Конференцияда әскери полиция отрядының қызметкерлері әскери қызметшілер арасында автокөлік жүргізудің мәдениетін арттыру, сондай-ақ, жеке автокөлікті жол апатына ұрындырмау, қыс мерзімі кезінде пайдаланудың ерекшеліктері жөнінде сабақтар өткізді.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу шараларын өткізу барысында ҚК әскери бөлімдері әскери қызметшілеріне апат болған жерден фото және бейнематериалдар көрсетіліп, «Жол ережесін бұлжытпай орындау – көлік құралдарын апатсыз пайдаланудың кепілі» атты көрнекі үгіт-насихат буклеттері таратылды.

Қазақстан Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің командирлері әскери қызметшілердің жолда жүруде қырағы әрі абай болуларын үнемі қадағалап отырады. Ағымдағы жылы жол-көлік апатының алдын алу мақсатында жол қозғалысының қауіпсіздігі жөнінде «Жолаушы назар аударыңыз», «Автокөліктің қысқа әзірлігі – апатқа ұрындырмаудың кепілі», «ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінің парктерінде ішкі қызметті ұйымдастыру барысында құқық бұзушылықты ескерту жөнінде» айлықтар өткізілмек.

«Егемен-ақпарат».

 

Соңғы жаңалықтар