• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2014

Күрес соны қарқын алды

220 рет
көрсетілді

Кеше Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен жылдың жұмысын қорытындылаған алқа отырысы болды. Онда агенттік төрағасы Рашид Түсіпбеков баяндама жасады.

Кеше Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен жылдың жұмысын қорытындылаған алқа отырысы болды. Онда агенттік төрағасы Рашид Түсіпбеков баяндама жасады.

Агент­тіктің кадрлық әлеуеті жақсартылып, құрылымдық өзгеріс­тер мен оңтайландыру жүр­гізілген. Елімізде болып жат­­қан қылмыстар туралы шынайы және нақты мәліметтерді жыю­ға, сондай-ақ, оларды жасыру фактілерін жоюға мүмкіндік беретін есептік-тіркеу тәртібі жүйеге келтірілген. Соның бір көрінісі ретінде, мәселен, қыл­мыстық істер бойынша сотқа дейін­гі өндіріс жетілдіріліп, «кезекші офицер» лауазымы, «поли­цейлік тергеу» элементтері енгізілді.

Әр аймақ бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі жасалды, онда құрылысы мемлекеттік қаржыны тартумен жүзеге асырылып жатқан барлық нысандар туралы нақтыланған ақпарат бар. Осылайша, алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибенің негізінде агенттікте ахуалдық орталық құрылды. Осы және басқа да қабылданған шаралар қаржы полициясының көптеген бағыттар бойынша қызметінің тиімділігін арттыруға себеп болды, мұны статистикалық мәліметтер дәлелдеп тұрған көрінеді.

Сонымен, Қаржы полициясы анықтаған 10 мың қылмыстың төрттен бір бөлігі ауыр және аса ауыр санатына жатады. Сы­байлас жемқорлық қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар саны 30 пайызға кө­бейді, олардың 200-ге жуығы әртүрлі деңгейдегі басшылар. Ал 2012 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында 3 есе көп қылмыс әшкереленіп, мемлекеттік сатып алулар саласында қылмыстарды анықтау 3 есеге артқан. Сөйтіп, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 108 фактісі анықталыпты.

Агенттік төрағасы Рашид Түсіпбеков «көлеңкелі экономика саласында 6 мыңға жуық қылмыстар тіркелді» – деп атап өтті. Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы саласында анықталған қылмыстардың саны 5 есеге артқан. Көлеңкелі экономика субъектілеріне қарсы жүйелі шараларды қабылдау шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке салықтардың түсімін 15 пайызға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Шағын және орта бизнеске қолсұғушылыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесінде қаржы полициясының бастамасымен жүргізілетін кәсіп­керлерді тексерулердің саны соңғы 2 жылда 5 есеге қысқарды.

Рашид Түсіпбеков өз сө­зін­де: «Ахуалдық орталық тал­дау­шыларының жұмысы рейд­тік тексерістер мен адал кәсіп­кер­лердің жұмысына қол сұғу кемшілігін жояды» – деді. Өт­кен жылы Ахуалдық орталық мәліметтері негізінде 110 млрд. теңгеден аса зиян шектіретін 500 қылмыстық іс қозғалды, 3,5 млрд. теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың жолы кесілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы ретінде мемлекеттік органдарға және тәртіптік кеңестерге 470 ұсыныс жіберілді. Ұсыныстарды қарау нәтижесінде жағымсыз сыбайлас жемқорлық әрекеттер жасағаны үшін 349 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 147-сі жұмыстан шығарылды.

Рашид Түсіпбеков кәсіп­керлердің заңды мүдделерін қорғау туралы мәселесіне ерекше тоқталды. «Жыл бойы біз шағын және орта бизнес жұмысына араласпау ұранымен жұмыс істедік. Осыған орай, үлкен жұмыс атқа­рылды. Атап айтқанда, домалақ арыздар бойынша тексеру фактілері жойылды. Қаржы по­ли­циясы қызметкерлеріне аза­маттық-құқықтық қатынастарға араласуды болдырмауға және қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін келтірілген залалы төменгі көрсеткішке жетпейтін жалпы қылмыстар бойынша тексерулерді өткізбеу тапсырылды. Қолданылған шаралар қаржы полициясының бастамасымен уәкілетті органдарының кәсіпкерлерді тексеру санының 5 есеге азаюына мүмкіндік берді», – деді ол. Осылайша, Қаржы поли­циясының қарқынды қызметі жалғасын таба бермек.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар