Елена Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен жұптасып Монреалда өтіп жатқан WTA 100 National Bank Open турнирінің жұптық ойынында ширек финалға шықты, деп жазады Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
1/8 финалда қазақстандық-ресейлік дуэт чехиялық Каролина Мухова мен Каролина Плишкованы екі сетте жеңді - 6:2, 6:4.
Кездесу тура 1 сағатқа созылды.
Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина мен Кудерметова норвегиялық Улрике Эйкери және америкалық Кэтрин Харрисонмен кездеседі.