• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1448

210 рет
көрсетілді

2013 жылғы 31 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі

Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республика­сының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған:1) «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;2) «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;3) «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1448 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі1. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №35, 281-құжат).2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №476 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы №1093 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 57, 549-құжат).3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №476 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №332 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 348-құжат).4. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №476 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, № 789-құжат).5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы №574 қаулысымен бекітлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, № 535-құжат).6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі №735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 33-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1448 қаулысымен бекітілген

«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер1. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге өткізген сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш білдірген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын өткізу үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта ресімдеу. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан – әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алуға қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі:1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіліп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі: Көрсетілген қызметті берушіге:1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;порталға: 1) көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны. Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он күн ішінде мыналарды:көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;порталға: көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынуы қажет.Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәланды­рылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар, жарғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республи­касының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия­ны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіз­дігіне) шағымдану:арыз жазбаша түрде Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.Арыздың қабылдаудың растауы арызды қабылдап алған адамның тегін және аты-жөнін, берілген арызға жауап алатын мерзім мен орнын көрсете отырып, оның Министрлік, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі, күні) болып табылады. Тіркеуден кейін арыз жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.Көрсетілетін қызметті берушінің атына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға арызбен жүгіне алады.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.minfin.gov.kz;2) порталда: www.e.gov.kz орналастырылған.13. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігіне ие болады.14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz. Мемлекет­тік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.

«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаӨтiнiш___________________________________________________________________(кәсіби ұйымның толық атауы, БСН)_______________________ кәсіби аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн_________________________ аккредиттеудi (қайта ресімдеуді) сұраймын. Орналасқан жерi: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Кәсiби ұйымның басшысы _____________ __________________ (қолы) (Т.А.Ә.) М.О. _______________________(күні) ____________________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін20___ж. «___» __________________________________

«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаМәліметтер нысаны Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізбесіМүшелер ___________________________________________________________ (аудиторлардың кәсіби ұйымының атауы көрсетіледі, БСН) № 1 кесте Р/с № ЖСН Ауди- тордың Т.А.Ә. Тұрғылықтыжерініңмекен жайы, телефоны Біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні Кәсіби ұйымға өту күні Аудиторлардың кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі Жұмыс орны (аудиторлық ұйымның атауы) 1 2 3 4 5 6 7 8

№ 2 кесте Р/с№ БСН Ауди- торлық ұйымның атауы Заңды мекен жайы, мем. тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні Аудbторлық қызметке арналған лицензия нөмірі және оның берілген күні Аудитор- лардың кәсіби ұйымына өту күні Аудитор- лардың кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі Басшының Т.А.Ә.1 2 3 4 5 6 7 8

Жұмыс органдарының құрылымы, бар болуы туралы мәліметтер Кәсіби ұйымның құрылымы (комитеттер, бөлімдер және т.б.)Бөлімшенің атауы ЖСН Басшының Т.А.Ә. Лауазымының атауы Байланыстелефоны,1 2 3 4 5

Кәсіби ұйымның басшысы ___________________ ___________________ (қолы) (Т.А.Ә.)М.О._______________ (күні) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1448 қаулысымен бекітілген

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы­лық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге өткізген сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш білдірген кезде – 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын өткізу үшін күтудің ең көп рұқсат етілетін уақыты – 20 минуттан аспайды;3) қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілетін уақыты – 20 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік, қайта ресімдеу. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан – әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында қызмет алушыға «жеке кабинетіне» жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алуға қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік басып шығарылады және қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі:1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіләп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.9. Қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге:1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны; 3) оқу іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуын растайтын құжат;порталға:1) Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;3) оқу іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуын растайтын электрондық құжат.Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он күн ішінде мыналарды:көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;порталға: көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынуы қажет.Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырыл­ған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар, жарғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіз­дігіне) шағымдану:арыз жазбаша түрде Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.Арыздың қабылдаудың растауы арызды қабылдап алған адамның тегін және аты-жөнін, берілген арызға жауап алатын мерзім мен орнын көрсете отырып, оның Министрлік, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі, күні) болып табылады. Тіркеуден кейін арыз жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.Көрсетілетін қызметті берушінің атына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға арызбен жүгіне алады.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.minfin.gov.kz;2) порталда: www.e.gov.kz орналастырылған.13. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігіне ие болады.14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz. Мемлекет­тік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Өтiнiш_______________________________________________________________________________ (бухгалтерлік кәсіби ұйымның толық атауы, БСН)_______________________ кәсіби аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн_________________________ аккредиттеудi (қайта ресімдеуді) сұраймын. Орналасқан жерi: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Бухгалтерлердің кәсіби ұйымыныңбасшысы _____________ __________________ (қолы) (Т.А.Ә.)

М.О. _______________________ (күні)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін20___ж. «___» __________________________________

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

Мәліметтер нысаны Ұйым жарғысына сәйкес бекiтiлген халықаралық тәжiрибеге сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын Этика кодексiр/с № күнi, айы, жылы

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының құрамыМүшелер ___________________________________________________________ (бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы көрсетіледі) № 1 кесте р/с № ЖСН Т.А.Ә Жұмыс орны, лауазымы Мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы Кәсіби бухгалтердің сертификатын берген күні мен нөмірі (болған кезде) Жұмыс өтілі (нотариалды куәландырылған растау құжаттамасының көшірмесі бар бухгалтерлік саладағы немесе аудиттегі кем дегенде екі жыл жұмыс өтілі) Бухгалтерлердің кәсіби ұйымына өту күн Мүшелік билетінің емесе бухгалтерлер-дің кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі 1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 2 кесте р/с № БСН Бухгалтерлік ұйымның атауы Заңды мекенжайы, мем. тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні (қайта тіркеу) Мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы Бухгалтерлердің кәсіби ұйымына өту күні ЖСН БасшыныңТ.А.Ә. 1 2 3 4 5 6 7 8

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдары органдарының болуы, құрылымы туралы мәліметтер(комитеттер, бөлімдер және т.б.)Бөлімшенің атауы Бөлімшебасқарушысыныңлауазымы ЖСН Басшының Т.А.Ә. Лауазымының атауы Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы1 2 3 4

Оқу іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуын растайтын құжатИя Жоқ1 2

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымыныңбасшысы ___________________ __________ _________ (қолы) (аты-жөні)М.О. _______________ (күні)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1448 қаулысымен бекітілген

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер1. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге өткізген сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш білдірген кезде – 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын өткізу үшін күтудің ең көп рұқсат етілетін уақыты – 20 минуттан аспайды;3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілетін уақыты 20 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік, қайта ресімдеу. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан – әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында қызмет алушыға «жеке кабинетіне» жіберіледі. Қызметті алушы бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алуға қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі:1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызмет берушіге:1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны; 3) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде емтихан модульдерін және емтихан нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары жөніндегі материалдар; 4) мыналарды: тест сұрақтарын және ахуалдық есептерді қамтитын емтихан модульдерінің құрылымын; сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығын; отыз күнтізбелік күннен аспайтын кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың (бұдан әрі - кандидат) жұмысын тексеру жүргізу мерзімін;соңғы сертификаттау пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап он төрт күнтізбелік күннен аспайтын сертификаттарды беру мерзімін; кандидаттың «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша кандидаттың оң нәтиже алуын, ол нәтиже бекітілген күннен бастап келесі үш жыл ішінде, «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша – нәтиже бекітілген күннен бастап келесі бес жыл ішінде ғана жарамды деп танылады;кандидаттардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін көрсете отырып, кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже; 5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін және оның құрамын көрсете отырып, көрсетілген комиссия туралы бекітілген ереже; 6) шағымды және комиссияның (кеңестің) шешімін қарау мерзімін, нысанын белгілей отырып, аппеляциялық комиссияның (кеңестің) құрамын, шағымдарды қарау мерзімін және емтихандардың нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, аппеляциялық комиссия (кеңес) туралы бекітілген ереже; порталда: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанында сұрау;2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны; 3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік және орыс тілдерінде «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша емтихан модульдерді және емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдар. 4) кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже – электрондық құжат;тест сұрақтарын және ахуалдық есептерді қамтитын емтихан модульдерінің құрылымын; сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығын; отыз күнтізбелік күннен аспайтын кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың (бұдан әрі - кандидат) жұмысын тексеру жүргізу мерзімін;соңғы сертификаттау пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап он төрт күнтізбелік күннен аспайтын сертификаттарды беру мерзімін; кандидаттың «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша кандидаттың оң нәтиже алуын, ол нәтиже бекітілген күннен бастап келесі үш жыл ішінде, «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша – нәтиже бекітілген күннен бастап келесі бес жыл ішінде ғана жарамды деп танылады;кандидаттардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін көрсете отырып, кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже; кандидаттардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін көрсете отырып, кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже; 5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін және оның құрамын көрсете отырып, көрсетілген комиссия туралы бекітілген ереже - электрондық құжат; 6) шағымды және комиссияның (кеңестің) шешімін қарау мерзімін, нысанын белгілей отырып, аппеляциялық комиссияның (кеңестің) құрамын, шағымдарды қарау мерзімін және емтихандардың нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, аппеляциялық комиссия (кеңес) туралы бекітілген ереже-электрондық құжат. Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он күн ішінде мыналарды:көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;порталға: көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынуы қажет.Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар, жарғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:арыз жазбаша түрде Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.Арыздың қабылдаудың растауы арызды қабылдап алған адамның тегін және аты-жөнін, берілген арызға жауап алатын мерзім мен орнын көрсете отырып, оның Министрлік, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі, күні) болып табылады. Тіркеуден кейін арыз жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.Көрсетілетін қызметті берушінің атына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға арызбен жүгіне алады.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.minfin.gov.kz;2) порталда: www.e.gov.kz орналастырылған.13. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігіне ие болады.14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz. Мемлекет­тік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралыкуәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Өтiнiш____________________________________________________________________________________________________________________________________(бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымның толық атауы, БСН) _________________________________________ қызметтi жүзеге асыру үшiн__________________________________________________________________аккредиттеуді (қайта ресімдеуді) сұраймын. Орналасқан жерi: _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымның басшысы _____________ __________________ (керегiнiң асты сызылсын) (қолы) (Т.А.Ә.) М.О. _______________________ (күні) Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін20___ж. «___» __________________________________

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

Мәліметтер нысаны Бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiптік ұйымымен өзара іс-қимыл туралы келісім№ Күнi, айы, жылы Жарамды мерзімі (үш жылдан кем емес)1 2 3

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттаужөнiндегi ұйымның жұмыс органдарының (комитеттер, бөлiмдер және т.б.) құрылымы, болуы туралы мәліметтерБөлiмшенің атауы ЖСН Басшының Т.А.Ә. Лауазымның атауы Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы1 2 3 4 5

Тәуелсіз емтихан жүйеcінің құрылымытуралы мәліметтерБөлiмшенің атауы ЖСН Басшының Т.А.Ә. Оқытатын ұйымдарға қатысы бар ма Лауазымның атауы Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы

Соңғы жаңалықтар