• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Тамыз, 2021

Ақшалай сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі

191 рет
көрсетілді

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады

«Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды шоттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін ешбір жағдайда күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді және онда өзіңіздің жеке деректеріңізді қалдырмауыңызды сұраймыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», деп жазалған хабарламада.