• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Тамыз, 2021

Беларусьте танымал әлеуметтік желілер бұғатталды

133 рет
көрсетілді

Беларусь Республикасында YouTube, Facebook, Instagram, Telegram, TikTok, ВКонтакте және «Одноклассники» әлеуметтік желілері бұғатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«12 тамызда бұғаттау тізіліміне екі TikTok аккаунты қосылды. Алайда BYnet мәліметінше, әзірге жеке аккаунттарды бұғаттау мүмкін емес, сондықтан провайдерлер бүкіл доменді бұғаттауға мәжбүр. Кешке қарай бұл тізімге «Одноклассники» мен Instagram да кірді», деп жазады lenta.ru.

Соған қарамастан, танымал әлеуметтік желілер Беларусь қолданушылары үшін әлі де қол жетімді.

«Мәселе мынада - әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жеке беттерді немесе арналарды бұғаттай алатын және сонымен бірге Интернеттің қалған бөлігіне зиянын тигізбейтін технология жоқ. Сондықтан провайдерлерде бір ғана таңдау бар. Ол барлық әлеуметтік желіні бұғаттау», дейді сарапшылар.