Бұйрыққа жұма күні федерация президенті Джахангир Аскеров қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұйрыққа сәйкес, федерацияның бас бапкері Асиф Мамедов пен бас хатшы Ризван Расулов қызметінен босатылды. Басшылықтың бірнеше рет жасаған ескертуіне қарамастан, қызметкерлер өз жұмысын дұрыс атқармаған.
Федерация қызметкерлерінің жауапсыздық танытуы, антидопинг ережелеріне бағынбауы салдарынан Халықаралық ауыр атлетика федерациясы айтарлықтай айыппұл санкциясын салған. Тек соңғы кезеңнің өзінде әзербайжандық ауыр атлеттер алты рет допинг пайдаланған.
«Қолданылған шаралар оң нәтиже берген жоқ. Осыған байланысты Ауыр атлетика федерациясын толықтай қайта құру туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер болашақта жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз», деді Джахангир Аскеров.
Оның айтуынша, қыркүйектің соңына дейін федерацияның жаңа бапкері мен бас хатшы тағайындалады.