Хоккейден Қазақстан Президенті кубогының матчында «Барыс» пен Өскеменнің «Торпедо» клубы кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші кезеңде ешқандай шайба салынған жоқ. Екіншісінде Коди Куник пен Эрик Мартинсон командасына ұпай әкелсе, Эрик Алдабергенов те есе жібермеді. Үшінші кезеңнің бірінші минутында Даррен Диц қоржынға тағы бір ұпай салды. Максим Худяков та жанкүйер сенімін ақтады.
Шиеленіске толы кездесуде 4: 2 есебімен «Барыс» жеңіске жетті. Енді клуб бас кубок үшін қарағандылық «Сарыарқамен» кездеседі.
«Торпедо» турнирдегі үшінші орын үшін қытайлық «Kunlun Red Star» командасымен ойнайды.