• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Тамыз, 2021

Талибан Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласын басып алды

550 рет
көрсетілді

Сенбі күні кешке қарай Талибан Ауғанстанның солтүстігіндегі  Мазари-Шариф қаласын басып алды, дейді жергілікті шенеуніктер. Бұл туралы Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Мазари-Шариф қаласы Талибанға қарсы тұра алатын қала болып есептелді. Қалаға маңызды әскери күш шоғырланды. 

Қаланың тез жеңіліп қалуы күтпеген жағдай болды. 

Кабулдағы шетелдік тілшілердің хабарлауынша, Кабул мен бір-бірінен ажыратылған қарсыласу орталықтарын қоспағанда, ірі қалалардан көршілес Нангархар провинциясының астанасы мен орталығы Джалалабад ғана қалды.

Екі күн бұрын Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани әскер көңілін көтеру үшін Мазари-Шарифке барған еді. Кездесуінде Ғани халқына үндеу жолдап, билік ақсақалдар мен саяси көшбасшылармен, ауған қоғамындағы әр түрлі топ өкілдерімен және халықаралық серіктестермен кеңесіп жатқанын айтты.

«Мен сіздің Президентіңіз ретінде тұрақтылықты сақтап, зорлық-зомбылықты және халқымның қоныс аударуын болдырмауға тырысамын», деп қосты ол.

Бұған дейін Ғанидің отставкаға кететіні туралы қауесет тараған, бірақ олай болмады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, президент қызметінен кетпейінше, талибандар бейбіт келіссөздерге қатысудан бас тартып отыр.

Сенбі күні Талибан содырлары елдің шығысындағы тағы екі провинцияның астанасы Пактика мен Кунарды басып алды. Кабулдан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде, Майдан Вардак провинциясының орталығы Майдан Шараның маңында да шайқастар жүріп жатыр.

Жергілікті журналистің айтуынша, АҚШ әскерлері жұма күні Талибан бақылауына алған Кандагар провинциясының халықаралық әуежайына әуе шабуылын бастады.

Содырлар қазірдің өзінде Ауғанстандағы 34 провинцияның көпшілігінің әкімшілік орталығын басып алды. 

Соңғы жаңалықтар