Атырау қаласынан 40 шақырым қашықта Байшақа өзегі бар. Дәл осы өзекте 10 тамызда балықтың бірнеше түрі қырылған, деп жазады Egemen.kz.
«Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» тас жолының оң жақ бетінде 16-разъезд ауылының тұсында Байшақа учаскесіндегі суару-суландыру жүйесі арнасында балықтардың қырылу дерегі анықталды. Бұл суару-суландыру жүйесі «АтырауСушар» РМК балансында. Өлген балықтарды жинау және санитарлық нормаларды сақтай отырып жою ұйымдастырылуда» деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.