ҚР Энергетика министрлігі 2021 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы аясында газ өндіру көлемі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Көрсетілген кезеңде 31,7 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді, бұл ағымдағы жылғы жеті айдың жоспарымен салыстырғанда 98,2%-ды құрады.
Аталған көрсеткіштің есепті айдың жоспарынан төмен болуының басты себебі мұнай өндіруде ілеспе газ алынады, яғни мұнай өндіру көлемінің төмендеуі, тиісінше, газ өндіру көлеміне әсер етті», деп жазылған министрлік мәліметінде.
Сонымен қатар тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 10,7 млрд текше метрге жетті, осы көрсеткіш биылғы жылғы қаңтар-шілде айларының жоспары 112,4% орындалды.
«Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,8 млн тоннаны құрап, бұл есепті кезеңнің жоспарына қарағанда 106,6%-ға орындалды. Есепті кезеңде ел аумағынан газ транзиті 44,8 млрд текше метрді құрап, жеті айдың жоспарымен салыстырғанда 114,1 %-ға жетті», деп алатып өткен хабарламада.