ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
«Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылды. Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмыс істеуде. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр», деп жазды Президент.