• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Тамыз, 2021

Ауғанстанда жер сілкінді

177 рет
көрсетілді

Алматыдан 864 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 15 тамыз күні Алматы уақытымен 16 сағат 41 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 864 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.2, магнитудасы – 5.5.

Жерасты дүмпуі 45 шақырым тереңдікте болған.