• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Тамыз, 2021

Ауғанстанның Президенті елден кетті

487 рет
көрсетілді

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Бұл туралы Ұлттық татуласу жөніндегі жоғарғы кеңестің төрағасы Абдулла Абдулла хабарлады, деп жазады Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Қорғаныс министрі бастаған бірнеше министр елден кеткен. Вице-президент Амрулла Салехтің де қашып кеткені туралы хабарланды.

Бұған дейін Кабулдағы Ресей елшілігінің баспасөз атташесі Никита Ищенко Интерфаксқа Ғанидің елден кеткенін айтқан, бірақ бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

«Біздің білуімізше, ол президент сарайынан қашып кетті», деді ол.

Расталмаған ақпарат бойынша, Ғани Тәжікстанға келген.