• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Тамыз, 2021

Бүгін ауа райының қандай болатыны айтылды

590 рет
көрсетілді

Синоптиктер 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін, тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жауып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады», делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, тұман түседі.

Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», делінген хабарламада.