• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2021

Жалған ПТР анықтамасын сатқан студент ұсталды

229 рет
көрсетілді

Алматыда ПТР нәтижелерін қолдан жасап сатқан медицина университетінің студенті жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде медициналық қызметкер болып жұмыс істейтін 25 жастағы Х. есімді медицина университетінің студенті ұсталды.

«Бізге келіп түскен жедел ақпаратты біз бірнеше күн бойы тексердік. Нәтижесінде, бұл ақпарат расталды. Күдікті өз қызметін 20 мың теңгеге бағалаған. Аталған факт бірыңғай сот алды тергеу реестріне ҚР ҚК 385-бабы 1-тармағы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін толық мойындап отырған Х. есімді азамат тек қана бір рет жалған ПТР нәтижесін жасағанын алға тартып отыр. Тергеу барысында оның қанша адамға жалған құжат дайындап бергендігін анықтайтын боламыз», деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.