Талибан Ауғанстандағы 20 жылға созылған соғыстың аяқталғаны туралы хабарлады. Бұл туралы Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
Тәліптер Ауғанстан халқы мен шетелдік дипломаттарға қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз деп уәде беріп отыр.
«Біз елімізде 20 жыл бұрын басталған осы соғысқа нүкте қойдық. Елде биліктің қандай түрі болатыны белгісіз, бірақ ол жақын арада жарияланады», деді тәліптердің ресми өкілі Мухаммед Наим.
Сонымен қатар олар барлық ауған қайраткерлеріне қорған болуға кепілдік берді, тәліптер олармен келіссөзге шығуға дайын.