• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Тамыз, 2021

Еуропалық Кеңес басшысы Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

388 рет
көрсетілді

Еуропалық Кеңестің президенті Чарльз Мишель әлеуметтік желілер арқылы Ауғанстандағы жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Ол Еуропалық Кеңестің Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Дж.Борреллмен тығыз байланыста екенін және Ауғанстандағы оқиғалардың дамуын жіті бақылап отырғанын атап өтті.

«ЕО азаматтарының, қызметкерлер мен олардың отбасыларының қауіпсіздігі – Одақтың басты назарында», деді Еуропалық кеңестің басшысы.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстанда адам құқығын сақтауға шақырды.