• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Тамыз, 2021

Шымкентте тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды

Шымкентте «мүгедектік топқа шығарып беремін» деп қала тұрғынын алдаған азаматша ұсталды, деп жазады Egemen.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың 13-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азаматша ұлын мүгедектік топқа шығарып беретінін айтып, сеніміне кіріп, 220 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін жазып көрсеткен. Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ №29 УПП қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталды. Ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жүргізілуде.

Шымкент қаласының полицейлері бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар