• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2021

Алматы көшелерін су басты

559 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 15.00-де Алматы қаласында жаңбыр суларының көтерілуінің 10 жағдайы тіркелді. 5 мекенжайда суды сору және арықтарды тазарту жұмыстары жалғасуда, деп жазады Egemen.kz  қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметі болйынша, қаланың бірнеше жерінде құбырларды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жауын суының көтеріліп кету қаупін алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Атап айтқанда, Медеу ауданының Есенберлин көшесінің бойында, 221 үйдің жанында су жиналып қалған. Мұнда коммуналдық ұйымдардың қызметкерлері жұмыс жасауда, арық желісі тазартылуда. Бұл тізімде Медеу ауданының Жәнібеков көшесі, 76 мекенжайы ауласы да бар. 

Сондай-ақ Алмалы ауданының Абай даңғылы бойындағы Наурызбай батыр көшесінің қиылысында, Мұқанов көшесінің бойындағы 172 үйдің жанында, Бруно көшесі, 1 үйдің жанында жиналған сулар сорылып, мамандар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жетісу ауданына қарасты Райымбек даңғылы, 265/1 бойында «Нұрым» мейрамханасының аумағында да инженерлік коммуникациялар жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін ТЖД 2021 жылғы 14 тамыздағы №28 ескертуі бойынша кей жерлерде жауын-шашынның, беткейлерде көшкіннің болуы мүмкін екенін, өзендерде су деңгейінің көтерілгенін алдын ала хабарлаған болатын.

74 арнайы техника, 29 мотопомпа, 167 жұмысшы жұмылдырылды. 2 мыңға жуық қап инертті материалдар дайындалды.