• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2021

Бақшасында қарасора өсірген Қызылордалық ұсталды

837 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының тұрғыны өз бақшасында есірткі өсімдіктерін өсіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 12 тамызда «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 53 жастағы қала тұрғынының ауласынан есірткі өсімдіктерін анықтады.​

Тексеру барысында күдіктінің жеке үй аумағында өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдіктер өсіргені және сақтағаны анықталды. Сондай-ақ оқиға орнынан заттай дәлел ретінде өсімдіктерді суаруға арналған 15 метрлік шланг тәркіленді.

Сот сараптамасының нәтижелері бойынша салмағы 15 кг-нан асатын 23 түп өсімдік мөлшерінде алынған қарасора, ал жасыл түсті өсімдік тектес 329 граммдық зат - «кептірілген марихуана» екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 2-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.