• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2021

Алакөлде демалушылар арасында жаппай төбелес болды

1431 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы Алакөл көлінің жағалауында демалушылар арасында жаппай төбелес шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15-16 тамызға қараған түні көптеген демалушылар келетін Алакөлдегі «Аура» барында болған.

«Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжал тудырған адамдарды іздеу жүргізілуде. Алайда куәгерлер немесе зардап шеккендер топтық төбелес фактісі бойынша полицияға әлі жүгінген жоқ», деп хабарлады ведомстводан.

Полицияның мәліметінше, құқық қоғау органдарына кафе әкімшілігі арыз жазған.

Тергеу жүріп жатыр.