• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2021

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

170 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16 тамыздағы №28 «Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігернің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Қаулыға сәйкес, қаладағы шектеу шараларының мерзімі ұзартылды.

«Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 17 тамызынан бастап, эпидемиологиялық жағда тұрақталғанға дейін ұзартылсын», деп жазылған қаулыда. 

Сонымен қатар азық-түлік сатпайтын дүкендер мен зоосаябақтарға жұмыс істеуге тыйым салынды.

Ashyq  жобасының қатысушылары тек жұмыс күндері 07.00-22.00 аралығында жұмыс істей алады. Ал «Лидер» санатындағы кәсіпкерлік нысандардың жұмысына түнгі 00.00-ге дейін рұқсат етіледі.