• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2014

Үлкен жауапкершілік жүктейді

474 рет
көрсетілді

Елбасы Жолдауының қайсы­­­­сын алып қарасаңыз да, стра­­тегиялық маңыздылығы мен белгілі мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипатталып отыр.

Жолдаудың басты ерек­шелігі, Елбасының өзі айт­қан­дай, 30 дамыған елдің қатарына ену жолдары осы құжатта қам­­­тылып, бағыттары нақты­­ла­­нып, айқындалып отыр. Эконо­­миканың өсімі жылына 4 пайыздан кем болмауы міндеттелді. Ал егер, өсім 5-6 пайыздан жоғары болса, Стратегиядағы көзделген мақсаттарға мерзімінен бұ­рын қол жеткізетініміз атап көр­сетілді.

Сол себептен Мем­­­ле­кет басшысы осы Жолдауда саннан сапаға өту мәселесін ерекше атап өтті. Озық нанотех­нология­лар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып, барлық салаға енгізу, экономиканың тиімділігін арттыру мәселесіне басымдық берілді. Біздің өңір үшін де маңызды болып табылатын шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығына және әлеуметтік салаларға, жұмыссыздықпен күреске ерекше тоқталды. 

Сонымен қатар, Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналу керектігі үшін қуанышты хабар болса, жергілікті билік үшін үлкен жауапкершілік. Ғылым, инфрақұрылымдар мен логистиканы дамыту жайлы айтылған міндеттердің өңір үшін маңыздылығы тағы да дәлелденіп отыр.

Жергілікті биліктің құзы­ре­тін күшейту керектігі және соған сәйкес сұраныстың да бола­тындығы − бұл да осы Жолдауда айтылған маңызды саяси шешімдердің бірі.

Жолдау – мемлекеттік мекеме­лер үшін міндетті түрде орын­далуға тиіс саяси құжат. Облыс әкімдігі жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Ал облыс тұрғындары биыл да бірлік мен ынтымақ арқасында Жолдау аясындағы тиісті жұмыстарды зор қарқынмен жүргізеді деген сенімдемін.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ,

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

ШЫМКЕНТ.

Соңғы жаңалықтар