Молдовада COVID-19 қайта өршуіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді, деп жазады Egemen.kz.
Молдова барлық жабық қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска киюді қайта енгізді.
Сондай-ақ адамдар арасында кем дегенде 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.