Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімді атып өлтірген 18 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.
Қанды қақтығыс екі колледж студенттері арасындағы теке-тірестен болған. Олар арадағы ерегесті шешу үшін кездесу орнын әлеуметтік желі арқылы белгілеген екен. Айтылған жерге жеткен бес жігіт көліктен түсуге жүрексініп, топқа қарсы шолақ мылтықтан екі рет оқ атқан. Алайда, оқ нысанаға алынған жігітке емес, оның қасында тұрған досы мен сол маңнан өтіп бара жатқан азаматқа тиген.
Қытайда оқып жүрген 16 жастағы бозбала ауыр жарақатпен ота үстінде қаза болды. Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«Қылмысқа қатысты 5 күдікті ұсталды. Айыптылар жасаған әрекеттерін толық мойындап отыр», - дейді Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің басшысы Данияр Мейірхан. Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «24 kz»
Фото: Ras.kz.