Теннистен жасөспірімдер арасында Біріккен араб әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық Гүзел Айнитдинова жеңімпаз атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Team Kazakhstan» командасының шәкірті алдымен түркімен теннисшісі Жаһан Байрамованы 6:4, 6:3 есебімен ұтса, екінші кезеңде үнді спортшысы - Рикетх Перейрадан 6:1, 6:2 есебімен басым түсті. Одан кейін ширек финалда Гүзел ресейлік теннисші Анастасия Чикалкинаны 6:4, 6:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда ол тағы бір ресейлік Ралина Калимуллинадан айласын асырды. Есеп – 7:6(1), 6:4. Ал финалда Гүзел ұлыбританиялық Эден Ричардсонды 3:6, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: www.ktf.kz