• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2021

Атырауда пәтерінде синтетикалық есірткі сақтаған жігіт ұсталды

195 рет
көрсетілді

Атырау полицейлері Қостанайдан келіп, жалдамалы пәтерде есірткі сақтаған 18 жастағы жігітті ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл дерек «Карасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктінің жалға алған пәтеріне тінту жүргізіліп, бес дана түйіншектелген есірткі тәріздес зат табылды. Күдіктінің көрсетуімен  осыған ұқсас тағы жеті орама табылып, тәркіленді. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» психотроптық заты екені анықталды. Есірткінің жалпы салмағы 4,28 грамды құрады», дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазір ұсталған 18 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен, 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.