• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2021

Алматыда шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзарды

246 рет
көрсетілді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында шектеу шараларының неліктен ұзарғанын түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

Ж. Бекшин бұл шешімнің эпидемиялық ахуалдың ушығуына, індеттің «дельта» штамының тез таралуына және клиникалық симптомдары бар науқастардың 94%-ға дейін өсуіне байланысты ұзарғанын атады.

«Алматыда эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру, әсіресе білім беру мекемелерінде оқытуды штатты режимде ұйымдастыру қажет», деп түсіндірді Ж. Бекшин.

Сондықтан Алматыда қолданыстағы шектеу шаралары 31 тамызды қоса, айдың соңына дейін ұзартылды.

Әлеуметтік-экономикалық нысандар «қоңыр қызыл аймаққа» қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс істейді.

«Ashyq көшбасшылары» мәртебесі бар нысандарда сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, мұнда нысан ішінің келушілерге толуы 10%-ға дейін артуы әрі медициналық қарсылықтары барларды қоспағанда персоналдың 90 пайызы вакциналануы және соңғы 3 ай ішінде ауырып емделгендердің қатары 20% болуы тиіс. Ashyq жобасында жұмыс істейтін басқа нысандарға сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Ashyq-қа қатыспайтын меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтату жалғаса берді.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33-қаулысының 9-тармағының 4-бөлігінде көрсетілген ұйымдар мен объектілерден өзге Ashyq жобасына қатысушылардың барлық кәсіпорындары мен ұйымдары 2021 жылдың 17-31 тамызы аралығында сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмыстарын тоқтатады.

Қала саябақтарында жай күндері, демалыс және мереке күндері, аттракциондар, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану орындарының қызметтеріне тыйым салу күшінде қалады.

Сондай-ақ Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар және соңғы 3 айда емделіп шыққандарды қоспағанда, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерді, жатақханалар мен асханалардың қызметкерлерін вакциналауды аяқтау қажет екендігі көрсетілген. Медициналық қарсы көрсеткіштері бар әрі 3 айда емделген науқастарды қоспағанда 18 жастан асқан студенттерге екпе салуды аяқтау қажет.

Сонымен қатар Қаулыда студенттер көп жиналатын жерлерде – асхана, дәретханалар, демалыс орындарында ауа рециркуляторларын орнату, мектептерде бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бөлек есіктерден ішке кірулері тиіс.