• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Тамыз, 2021

Алматыда 3 мыңға жуық бала коронавирустан емделіп жатыр

167 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мегаполистің Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Алматыдағы эпидемиялық ахуал туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Спикердің айтуынша, 15 тамызда қалада коронавирустық инфекцияның жергілікті 1 517 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 1 429 жағдай симптомды және 88-і - симптомсыз. 944 адам емделіп шықты, 651 сырқат түсті. Бүгінде қолданыстағы инфекциялық төсек-орындар 63%-ды құрайды.

«АМСК және Телемедицина орталығының мобильді топтары 13 221 пациентті үйде бақылайды. Олардың жеңіл және орташа ауыр дәрежедегісі - 12 685, симптомсыз - 535 адам», деді Н. Табынбаев.

Ол сондай-ақ ағымдағы жылдың 16 тамызындағы жағдай бойынша 817 196 адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 643 514 алматылық екінші компонентін салдырғанын айтты. 

Спикер КВИ-мен ауыратын балалар саны арта түскенін айтты. Қазір 195 бала ауруханада, 2 540-ы үйінде емделіп жатыр.

«Үшінші толқын өршіп тұрған кезде Алматы ауруханаларындағы балалар саны 30-40-тан аспайтын. Штамның қазіргі түрімен балалар жиі ауыра бастады. Өткен аптада балалардың арасында жұқтыру тіпті өршіп кетті. Стационарларда 245 науқас бала болды. Өкінішке қарай, қайғылы жағдай да орын алды, 1 айлық нәресте қайтыс болды. Коронавирустың жаңа штамы өте қауіпті әрі жұқпалы, балалар оны тез жұқтырады», деді Алматы ҚДБ басшысы.