• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Тамыз, 2021

«Талибан» билігі әйелдердің құқығы қорғалатынын айтты

213 рет
көрсетілді

«Талибан» мәдени комиссиясының мүшесі Энамулла Самангани  мемлекеттік қызметшілерге бұрын жарияланған «жалпы рақымшылық» шарасына сәйкес, әйелдердің Үкіметтегі қызметіне қайта оралуға болатынын айтты. Бұл туралы ВВС орыс қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Ислам Әмірлігі әйелдерді құрбан қылғысы келмейді. Шариғат заңы бойынша олар мемлекеттік жүйенің бір бөлігі болуға тиіс», деді Самангани (Associated Press).

«Жаңа үкіметтің құрылымы әлі толық анықталған жоқ, бірақ басқару барлық тараптың қатысуымен толығымен ислами тұрғыда болуы керек», деп қосты ол.

Бұл мәлімдемеге не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Соңғы айларда, аумақты басып алған кезде, талибтер бүкіл ел бойынша қыздар оқитын ондаған мектепті жауып тастады және әйелдерді соңғы 20 жыл бойы қолданған құқығынан айырды.