• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Тамыз, 2021

Ресейдегі әскери ұшақтың құлау себебі анықталды

250 рет
көрсетілді

Мамандар Мәскеу түбінде Ил-112В әскери тасымалдаушы ұшағының құлауына қозғалтқыштың істен шығып, қирауы, одан кейін өртенуі себеп болғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі мәлімдеді.

«Ұшақ әуеде төрт минут болған. Экипаж өрт туралы хабарлап, қонуға әрекеттенген. Ил-112В Мәскеу түбіндегі Кубинканың ұшу-қону жолағынан небәрі 1,5 шақырым жерде құлады», деп мәлімдеді күш құрылымдары.

Ұшақ бортында үш адамнан құрылған экипаж, соның ішінде оның командирі – еңбегі сіңген сынаушы ұшқыш, Ресей қаһарманы Николай Куимов болған. Олардың барлығы қаза тапты.

Ұшқыштар соңғы сәтке дейін күресіп, ұшақты тұрғын үйлерден бұрып әкетуге тырысқан.

Ұшақтың құлау фактісі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабының 3-бөлімімен (Әуе көлігі қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

Осыған дейін Ресейде Ил-112В әскери ұшағының апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.