• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Тамыз, 2021

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – Алексей Цой

211 рет
көрсетілді

Соңғы үш апта ішінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақталуы байқалады. Елімізде бір апта ішінде орта есеппен 53 мыңға жуық жағдай тіркелді. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz  primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

1 тамыздан бастап елімізде коронавирус инфекциясының таралу индексі 14%-ға дейін төмендеді. Инфекциялық төсектердің – 53% (30 123), реанимациялық төсектердің – 47% (2 401) қолданылуда. Олардың басым бөлігі Ақтөбе, Қызылорда және Алматы облысында. Бүгінде ауруханаларда 120 мыңнан астам қазақстандық ем алып жатыр.

Еліміздің бас дәрігері азаматтардың вакцина алу мәселесі бойынша өңірлердегі көрсеткішке де тоқталып өтті.

«Қазір екпенің бірінші компонентін 6,1 млн адам салдырды. Ал екінші дозаны алғандар саны 4,8 млн адамды құрайды. Вакцина салдырушылардың ең көп үлесі 6 өңірді қамтиды: Шымкент, Алматы қалалары, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары. Ал бірінші дозамен вакцинациялаумен қамтудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында (35%) байқалады. Қытайдың Sinopharm вакцинасының алғашқы партиясы барлық аймақтарға жеткізілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда», деді Алексей Цой.