• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Тамыз, 2021

Елімізде алдағы күндері ауа райының қандай болатыны айтылды

1536 рет
көрсетілді

Қазгидромет РМК синоптиктері 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың айтуынша, республикада қалыпты ауа райы күтіледі. Антициклон әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы орнайды.

«Тек шығыс пен оңтүстік-шығыстан фронталь бөліктер өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады және екпінді жел соғады. Ауа температурасы күндіз солтүстікте 23-30 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25-40 градус, орталық пен шығыста 17-35 градусқа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.

Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады, ауа температурасы 32-41 градус болады.