• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Тамыз, 2021

Алматыда дератизацияға өтінім қабылдайтын call-орталық құрылды

138 рет
көрсетілді

Кеміргіштермен күрес жөніндегі ауқымды науқанның екінші кезеңі 1 қыркүйектен басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

47,3 мың гектар аумақты жаппай дератизациялау 1 қарашаға дейін жалғасады.

Кеміргіштер пайда болуы мүмкін саябақтар, скверлер, өзен жағалаулары, сондай-ақ арықтар, қоғамдық көлік аялдамалар арнайы заттармен өңделеді.

Бұдан бөлек, 135 мың жеке тұрғын үйді, оның ішінде шаруашылық құрылыстар мен аула аумақтарын өңдеу жоспарланып отыр.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша дератизацияның екінші кезеңі (бірінші кезең 21 маусым мен 28 шілде аралығында өтті) Алматыда белгіленген мерзімнен бұрын басталады.

Қала басшысы кеміргіштер пайда болуы мүмкін базарлар мен басқа да сауда орындарын да қайта өңдеуді тапсырды.

Ол үшін мобильді дератизациялық топтардың саны екі есеге – 7-ден 14-ке дейін артты. Алматы тұрғындары үшін дератизацияға өтінім беруге болатын арнайы call-орталық құрылды.

Байланыс телефондары (WhatsApp-пен): +7 (705) 225-13-31 және +7 (707) 376-90-71.

Бұл ретте мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік объектілерінің ғимараттарын өңдеу осы ұйымдардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жыл сайын Алматыда жүргізілетін дератизация кеміргіштер санын азайту және олар арқылы аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардың таралуының алдын алу үшін қажет.