• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Тамыз, 2021

Ресей коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина әзірледі

175 рет
көрсетілді

Роспотребнадзор басшысы Анна Попова COVID-19-ға қарсы бесінші вакцинаның пайда болғанын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Ресейде коронавирустық инфекцияға қарсы тағы бір препарат әзірленді. Роспотребнадзор басшысы Анна Попова COVID-19-ға қарсы бесінші вакцинаның пайда болғанын жариялады.

Новосибирсктегі «Вектор» ғылыми орталығы «Эпиваккорон-Н» COVID-19 вакцинасын тіркеуге құжаттар тапсырды. Препарат жақын арада тіркелуі керек.  

Қазір Ресейде «Спутник V», «ЭпиВакКорона», «КовиВак» және қайта иммундау үшін ұсынылатын «Спутник Light» вакциналары қолданылады.