• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 18 Тамыз, 2021

Салалық кәсіподақтың көмегімен заңсыз ұсталған 190 млн теңге қайтарылды

392 рет
көрсетілді

2021 жылдың І жартыжылдығында Салалық кәсіподақ еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау шеңберінде білім беру ұйымдарында 884 тексеру ісін жүргізді. Нәтижесінде 1502 түрлі еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, тексеру қорытындысы бойынша кәсіподақ мүшелері болған 24 сала қызметкері жұмысқа қайта алынды. Жарты жыл ішінде кәсіподақ органдарының талабы бойынша қызметкерлерге заңсыз ұсталған немесе төленбеген 190 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

2020 жылы Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдарының жоғары білікті заңгерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында кәсіподақ мүшелеріне 1,4 млрд теңге қаражат қайтарылған еді. 260 сала қызметкерінің заңсыз жұмыстан шығарылуына жол берілмеді, заңсыз жұмыстан шығарылған 63 кәсіподақ мүшесі жұмыс орындарына қайтарылды, олардың 3-і сотқа жүгіну арқылы жүзеге асырылды.

Өткен жылы кәсіподаққа 45 мыңнан астам сала қызметкері жүгінді. Төтенше жағдай кезінде кәсіподақ 24/7 режимінде жұмыс істеп, кәсіподақ мүшелерімен байланыста болды. Локдаун енгізілген 2 ай ішінде 15 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 14 мыңнан астам сала қызметкері кәсіподақ кеңесіне жүгінді.

Білім кәсіподағы әрқашан кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын Заң шеберінде қорғауға мүдделі.