• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Тамыз, 2021

«Vero Cell» вакцинасы Маңғыстауға да жеткізілді

288 рет
көрсетілді

Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев Маңғыстауға Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Өңірге Sinofarm компаниясының 10 мың дана Vero cell вакцинасы келді. Бұл Вакцина ҚР Үкіметінің №850 қаулысымен бекітілген COVID-19-ға қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес тіркелді. Препарат 18 жастан асқан адамдарда COVID-19 алдын алу үшін белсенді иммундауға арналған. Препарат бұлшықет ішіне 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен 0,5 мл-ден екі дозамен енгізіледі», деді Ғазиз Надуев.

Басқа өңірлерге қарағанда, Маңғыстауда коронавирус инфекциясына қарсы екпе алу көрсеткіші төмен. Облыс көлемінде 18 тамызға дейін 1 компонентпен 127 237, ал 2 компонентпен – 87 974 адам егілді.