Қытай ғарышкерлері «Тяньхэ» ғарыш стансасынан екінші рет ашық ғарышқа шығуды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz Silkroad news-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы сейсенбіде Қытай ғарышкерлер бағдарламасының кеңсесі хабарлады. Мүмкіндік болса, олар жақын күндері екінші рет ашық ғарышқа шығуды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, үш қытайлық ғарышкер екі айдан бері орбитада тұрып, жұмыс істеп жатыр. Олар ғарышқа «Шэньчжоу-12» ғарыш кемесімен шықты және 17 маусымда «Тяньхэ» модуліне көшірілді.
«Қазіргі уақытта ғарышкерлердің денсаулығы жақсы. Негізгі модульден, ғарыш кемесінен және Тяньчжоу-2 жүк көлігінен тұратын ғарыштық кешен қалыпты жұмыс істеп тұр», делінген ведомствоның хабарламасында.