• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Тамыз, 2021

Президент Ауғанстандағы қазақтарға қатысты маңызды тапсырма берді

944 рет
көрсетілді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ауғанстан аумағында қазіргі уақытта қанша этникалық қазақ тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өтініштеріне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, қажет болған жағдайда тарихи отанына қайтару мәселесі бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырды», деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, этникалық қазақтар мәселесі Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігінің ерекше бақылауына алынған.

«Бізде бар мәліметтерге сәйкес, Ауғанстан аумағында 15-ке жуық этникалық қазақтардың отбасы тұрады. Нақтырақ, 200-ге жуық этникалық қазақ. Кейбір БАҚ Ауғанстанда бірнеше мың этникалық қазақтардың тұратыны туралы тексерілмеген ақпарат таратты. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Осыған байланысты ақпаратты мұқият қайта тексеруді және қажетсіз дүрліктірмеуді сұраймыз. Біз тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз және Ауғанстандағы қазақтармен тұрақты байланыстамыз», деп нақтылады ол.