• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасында кезекті ұтыс ойыны өтеді

107 рет
көрсетілді

Жетінші ұтыс ойыны 21 тамызда сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде өтеді. Оған 14 тамыз бен 20 тамыз аралығында екпе алғандар қатысады, деп жазады Egemen.kz.

«Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүзеге асады, азаматтарға құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ», деп жазады қала әкімінің ресми сайты.

Елорда әкімдігі екпе алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын апта сайын өткізіп тұратынын еске саламыз. Мысалы, 9 шілдеден бастап вакцинацияланғандар арасында 15 iPhone12, 5 тоңазытқыш, 3 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, бес принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды бағаны және ауа ылғалдандырғыш және т. б. ойнатылды.

Сонымен қатар қыркүйек айында екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Оны осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның 1-ші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пунктері қатысады: медициналық мекемелер, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығындағы вакцинация пунктінде 1-ші компонентпен вакцинцияланғандар арасында автомобильдің ұтыс ойыны жарияланды.