Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғысынша антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады.
Республика бойынша кей жерлерде желдің күшейеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, орталығында, шығысында және оңтүстігінде бұршақ болады, солтүстікте және орталықта түңгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, түнде және таңертең тұман бақыланады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады, солтүстік-шығыста және оңтүстік-батыстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде солтүстікте, күндіз Павлодар облысының шығысында найзағай күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында өте қатты ыстық сақталады, Ақтөбеде, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысында қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.