Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясының пленарлық сессиясында айтты, деп жазады Egemen.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Аймағамбетов өткен жолы грант құны 340-420 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін көбейгенін айтты.
«Бұл өз кезегінде педагогтердің жалақысын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Мемлекет тапсырысы бойынша мен қабылдаған бұйрық аясында ЖОО-лар мұғалімдерінің шекті жалақысы бекітілді. Мысалы, жай оқытушыларға 200 мың, аға оқытушыларға 230 мың, педагогтерге 350 мың шекті жалақы белгіленді», деді ол.
Министр бұл жалақы бойынша бір ставкаға 680 сағаттан көп жүктеме болмауы керегін айтты.
«Барлық мемлекеттік университетте бұл шешім жүзеге асырылады», деді министр.