• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2014

Бангкок қайтадан буырқанып жатыр

317 рет
көрсетілді

Жақында белгісіз біреулердің шабуылына ұшырағанына қарамастан, Таиландтың оппозициялық күштері үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, күнделікті наразылық шеруіне шығуда. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Бүгін ереуілшілер Бангкоктың орталық көшелерімен тағы да жүріп өтті. Олардың қатарына Таиланд медиктері кәсіпқой бірлестігінің мүшелері де қосылды. Үстілеріне ақ халат киген жергілікті ауруханалардың дәрігерлері мен медбикелері қолдарындағы қызыл крест салынған жалауларын желбіретіп, көшеге шықты.

Қала ішінде наразылық шеруін оппозиция лидері Сутеп Таугсубан бастап жүрді. Оған екі ай бұрын мемлекеттік сатқындық жасады деген айып тағылып, қамауға алу жөнінде ордер шығарылған болатын. Алайда, Таиланд билігі әлі күнге дейін оппозиция жетекшісін қамауға алу үшін ешбір шара қолданбай келеді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Ria.ru  

Соңғы жаңалықтар