• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 19 Тамыз, 2021

Brent маркалы мұнай бағасы арзандады

502 рет
көрсетілді

Лондон ICE биржасында 2021 жылдың қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 66,99 долларға дейін 2,18%-ға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бұл қор биржаларындағы сағат 13:00-дегі сауда алаңының мәліметтерінде көрінді. Соңғы рет Brent бағасы 24 мамырда барреліне 67 доллардан төмен болған.

Елорда уақытымен 13:25-те Brent құлдырауды тездетіп, барреліне 66,79 доллар деңгейінде саудаланды, бұл алдыңғы сессияның жабылу деңгейінен 2,11%-ға төмен. WTI маркалы мұнай барреліне 63,53 долларға дейін арзандады (- 2,52%).