Жексенбіден бастап Ауғанстан астанасы Кабулдағы әуежайда және оған іргелес аумақта он екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы РИА Новости НАТО мен «Талибан» радикалды қозғалысының (Қазақстан мен басқа елдердің аумағында тыйым салынған ұйым) өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, Талибан өкілі адамдарды әуежай маңына жиналмауға, егер ұшуға құқығы жоқ болса, үйіне қайтуға шақырған.
«Әуежайдағыларға зиян келтіргіміз келмейді», деді қозғалыс өкілі.
Әсіресе соңғы апталарда Ауғанстандағы жағдай күрделене түсті.
15 тамызда Ауғанстан президенті Ашраф Ғани отставкаға кетіп, елден кетті. Осыдан кейін Талибан Кабулға кіріп, президенттік сарайды басып алды.
Кейінірек Ауғанстанның экс-президенті БАӘ-де екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта Ауғанстаннан құрлықтағы шекара бекетінің барлығы Талибан содырларының бақылауында.
Кабул әуежайында жоспарлы рейстердің тоқтатылуына байланысты хаос пайда болды. Адамдар кез келген жолмен елден кету үшін ұшақтың дөңгелегіне жабыса бастады. Шетелдік қызметкерлер мен шетелдік миссияларда жұмыс істейтін ауғандықтарды эвакуациялау Кабулдағы жалғыз әуежай арқылы жүзеге асырылады. Оны АҚШ пен НАТО бақылауда ұстап тұр.
18 тамызда Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштері Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады.
Сонымен қатар БҰҰ-ның Ауғанстанға көмектесетін агенттігі (UNAMA) қызметкерлері бар алғашқы борт Алматыға көшірілді.