• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Тамыз, 2021

2 жыл бойы қашып жүрген қарақшы қолға түсті

338 рет
көрсетілді

Ақмола полицейлері екі жыл бойы жасырынып жүрген автоұрыны қолға түсірді, Egemen.kz деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Өткен жылғы» санатындағы қылмыстарды ашу Ақмола облысы ПД ерекше бақылауында. Мәселен, Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері республикалық «Автомобиль» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында СҚО облысының тұрғынына тиесілі «Dodge Magnum» маркалы автокөлікті айдап әкету фактісі бойынша өткен жылдардағы қылмысты ашты.

2019 жылғы 11 маусымда Көкшетау қаласының УП-ға Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны түнгі уақытта белгісіз тұлға ТСҚ-ның тұрақ аймағынан автокөлігін айдап әкеткенін айтып, арызданған. Шығын сомасы 4 млн. теңгені құрады.

«Автомобиль» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Қылмыс жасалған түні 2019 жылдың 11 маусымына қараған түні күдікті ТСҚ қызметкері мас күйінде автокөлікті айдап әкетіп, 30 минут бойы қала ішінде жүрген. Кейін автомобильдің ақаулығына байланысты көлікті Көкшетау қаласынан Зеренді ауданына шығар жолда қалдырып кеткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильді заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.